$ 444.88  513.26  5.28

«Баланы жалғыз шығаруға қорқамыз»: Ақтөбеде қаңғыбас иттер балалар алаңын торуылдап жүр

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбеде тұрғындар балалар ойын алаңының маңында қаңғыбас иттердің көбейгеніне алаңдап отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше иттің балалар ойнайтын алаңның ішінде еркін жүргені көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың сөзінше, әсіресе кешкі уақытта балаларды аулаға жалғыз жіберу қиындаған. «Балалар тіпті түскі уақытта алаңда ойнай алмай жүр», – деп жазған тұрғындардың бірі. Қаңғыбас иттер мәселесі Ақтөбеде бұған дейін де көтерілген: биыл қалада 13 жастағы оқушыға иттер шабуыл жасаған еді. 

Тұрғындар жауапты қызметтерден балалар жүретін аумақтардағы қауіпсіздікті күшейтіп, қаңғыбас иттер мәселесіне нақты шара қолдануды сұрап отыр.

 

Видео: @caspian.life

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0