$ 447.88  516.58  5.29

«Ақынға тиіспеңдер!»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановты қорғап шықты (ВИДЕО)

Ол ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөз айтпауға шақырды. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, айтыскер ақын Мақсат Ақановқа араша түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөз айтпауға шақырды.

Актер өз сөзінде ақынның бір қателігі үшін оны жаппай сынаудың қажеті жоқ екенін айтып, Мақсат Ақановқа қолдау білдірді.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың айтыс кезінде айтқан сөздері түсірілген видеолар тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Бейнежазбалардан кейін ақынға қатысты түрлі пікірлер айтылып, желіде қызу пікірталас өрбіген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0