$ 450.79  524.13  5.31

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Таиландта қола алды

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында үшінші орынды иеленді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында үшінші орынды иеленді.

Турнир барысында Бекмұхамбетова Таиланд өкілдері Амина Прасонполды 3:1, Беньяфа Сураситті 3:0, Наттхапат Лимсирилертті 3:0 және Жапония спортшысы Нонока Судзукиді 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытайлық Тайбэй өкілі Йен Пэй Эньге 0:3 есебімен есе жіберіп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0