$ 465.74  537.23  5.62

Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты старт алды

Әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

12 тамызда Венгрияның Будапешт қаласында жасөспірімдер арасындағы әртістік жүзуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған додада Қазақстан құрамасы да бақ сынайды

Ұлттық команда сапына Салима Ақылбек, Виктор Друзин, София Ихшенко, Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Жанерке Нұркенқызы, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова және Тахмина Заирова енді.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы техникалық бағдарламада және командалық техникалық бағдарламада өнер көрсетеді.

Әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз командасы әйелдер арасындағы су добынан Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0