$ 469.93  541.64  5.71

15 жастағы қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында 5 алтын алды

"Бұл нәтиже аталған жарыстағы ең үздік әрі жарқын көрсеткіш болды".

Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

15 жастағы Снежана Қашқарова Өзбекстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында 5 алтын иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы қыздар Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында барлығынан басым түсті. Әсіресе, Снежана Қашқарова ерекше көзге түсті. 15 жастағы спортшы сәтті өнер көрсетіп, 3 Азия рекордын және 3 әлемдік рекордты жаңартты:

  • 88 кг — жұлқа көтеруде;
  • 112 кг — серпе көтеруде;
  • 200 кг — қос сайыс нәтижесінде.

— Бұл нәтиже аталған жарыстағы ең үздік әрі жарқын көрсеткіш болды. Снежана 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 5 алтын медаль иеленді. Ол 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия құрлығының абсолютті чемпионы атанды, — делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0