$ 469.93  541.64  5.71

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлім етті. 

Фото: WTA
Фото: WTA

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

1/8 финалда әлемдік рейтингте 55-орында тұрған ресейлік Людмила Самсоновамен кездескен қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 55 минутқа созылды. Рыбакина 11 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Ол жеті брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Ширек финалда Рыбакинаның қарсыласы канадалық Лейла Фернандес пен жапондық Наоми Осака арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0