$ 470.28  537.53  5.99

Ламин Ямальдің үш жасар інісі Әлем чемпионатында желі жұлдызына айналды (ФОТО)

Желі қолданушылары үш жасар бүлдіршіннің еркін мінезі мен табиғи қылықтарына сүйсінуде.

Фото: instagram.com/lamineyamal// бейнеден алынған кадр
Фото: instagram.com/lamineyamal// бейнеден алынған кадр

Испания құрамасының Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанған тарихи финалынан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының назарын тек футболшылар ғана емес, Ламин Ямальдың үш жасар інісі Кейн де өзіне аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кішкентай Кейннің матчтар кезіндегі шынайы эмоциялары мен әсерлі қылықтары финалға дейін-ақ әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Телетрансляциялар барысында ол бірнеше рет кадрға түсіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.

Ламин Ямаль да бұған дейін берген сұхбаттарында інісімен ерекше жақын екенін бірнеше рет айтқан.

«Кішкентай інім – мен үшін ең қымбат жан. Оны қатты жақсы көремін, өз баламдай көремін», – деген болатын футболшы.

Желі қолданушылары үш жасар бүлдіршіннің еркін мінезі мен табиғи қылықтарына сүйсінуде. Көпшілік оның өзін көпшілік алдында қысылмай ұстайтынын және балаға отбасында жеткілікті еркіндік берілетінін атап өтті.

Финалдан кейінгі марапаттау рәсімінде Кейннің әрекеті ерекше назар аудартты. Ол алаңдағы полиция қызметкеріне жүгіріп барып, аз уақыттың ішінде оның көңілін жаулап алды. Тәртіп сақшысы тіпті өзінің қызметтік фуражкасын шешіп, бүлдіршінге кигізіп көрген.

Жасының небәрі үште болғанына қарамастан, Кейн камера алдында өзін еркін ұстап, фотографтардың да басты назарындағы кейіпкерлердің біріне айналды. Финалдан кейін оның суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, мыңдаған пікір жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0