$ 489.33  566.3  6.74

Әлем кубогі: Нұрбек Оралбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Фото: ҚР Бокс федерациясы
Фото: ҚР Бокс федерациясы

Отандық боксшы Нұрбек Оралбай айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды

Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты.

— Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатты, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіде Серік Теміржанов та Германия боксшысы Денис Брилді 5:0 есебімен жеңген еді.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0