Сондай-ақ жанкүйерлер де спортшының бұрынғы бабына қайта орала ала ма деген сұрақты жиі қоя бастаған.
Америкалық Unforgettable.mma порталы қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қазіргі физикалық жағдайына баға берді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта спортшы Германияда оңалту курсынан өтіп жатыр. Басылым Рахмоновтың соңғы видеосына назар аударып, оның сырт келбеті жанкүйерлерді алаңдатқанын жазады.
«Шавкат Рахмонов қазір өзі сияқты емес — оның аяқтары айтарлықтай арықтап кеткендей көрінеді. Бұл оның физикалық жағдайына қатысты елеулі алаңдаушылық тудырады. Мұның оның қозғалысына, жарылғыш күшіне және октагондағы жалпы нәтижелілігіне қаншалықты әсер ететінін елемеу қиын. Стилі қысым мен бақылауға негізделген файтер үшін физикалық қуаттың азаюы бәрін өзгертуі мүмкін», — деп жазады портал.
Сондай-ақ жанкүйерлер де спортшының бұрынғы бабына қайта орала ала ма деген сұрақты жиі қоя бастаған.
«Жарақаттар мен ағзаның тозуы тіпті элиталық спортшыларға да әсер етеді. Дегенмен нағыз чемпиондарды дәл осындай сәттерден қалай өтетіні айқындайды. Басты сұрақ: Шавкат қайта қалпына келіп, барлығына олардың қателескенін дәлелдей ала ма?», — делінген материалда.
Қазіргі таңда Рахмоновтың жағдайы мен оның үлкен спортқа қашан оралатыны жанкүйерлер үшін басты тақырыптардың біріне айналып отыр.