Бұл тағайындау Бэнкстің кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетіп қана қоймай, оның әлемдік бокс элитасындағы беделін тағы бір мәрте айқындай түсті.
Америкалық маман Джонатон Бэнкс Детройттағы әйгілі Kronk Gym бокс залының бас бапкері болып тағайындалды. Естеріңізде болса, маман 2019 жылдан бері қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Kronk Gym – әлемдік бокста өзіндік орны бар тарихи зал. Оны кезінде аты аңызға айналған жаттықтырушы Эмануэль Стюард басқарған. Бұл залдан талай даңқты чемпион шыққан. Әртүрлі кезеңде Томас Хирнс, Хулио Сезар Чавес, Насим Хамед, Эвандер Холифилд, Леннокс Льюис, Владимир Кличко сынды жұлдыздар жаттыққан.
Джонатон Бэнкс – дәл осы Эмануэль Стюардтың шәкірті. Ол – бапкерлік карьерасында Геннадий Головкиннен бөлек, Владимир Кличко, Диллиан Уайт, кіші Крис Юбэнк және қазақстандық Али Ахмедовпен де жұмыс істеген тәжірибелі маман.
Бұл тағайындау Бэнкстің кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетіп қана қоймай, оның әлемдік бокс элитасындағы беделін тағы бір мәрте айқындай түсті.