$ 491.29  562.92  6.1

Қазақстандық спортшы каратэден алтын алды

Қазақ жанкүйерлері желіде спортшыны құттықтап, алдағы жарыстарда да табыс тілеп жатыр.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Софья Берульцеваның халықаралық жарыстағы кезекті жеңісі туралы жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның мәліметінше, спортшы Италияның Рим қаласында өткен әлемдік премьер-лига кезеңінде алтын медаль иеленген. Финалда қазақстандық каратеші Англия өкілі Рошель Уолтерсті 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің басты жүлдесін қанжығасына байлаған.

Айта кетейік, бұл — Софья Берульцеваның биылғы премьер-лига бәсекелеріндегі екінші жеңісі. Бұған дейін ол өткен айда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен турнирде де үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанған болатын.

Осылайша, тәжірибелі спортшы халықаралық аренадағы тұрақты жоғары нәтижесімен Қазақстан құрамасының абыройын асқақтатып келеді. Жанкүйерлер мен спорт мамандары оның бұл жетістігін ел спорты үшін маңызды жеңіс деп бағалауда.

Қазақ жанкүйерлері желіде спортшыны құттықтап, алдағы жарыстарда да табыс тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#каратэ #алтын