$ 509.63  592.34  6.54

«Көрімдік күтемін»: Оралдық кәсіпкерлер боксшы Данияр Елеусіновке қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бұл күндері Орал қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Батыс Қазақстан облысы бокс федерациясының президенті Бауыржан Кәрімов бастаған оралдық кәсіпкерлер Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке көлік тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл күндері Орал қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарысқа осы өңірдің тумасы Данияр Елеусінов құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылған. Аймақ жанкүйерлері мен жерлестері даңқты боксшыны ерекше ықыласпен қарсы алды.

Ал кәсіпкерлер Олимпиада чемпионына көлік сыйлады. Бұдан бөлек, тағы бір топ кәсіпкер Данияр Елеусіновке тұлпар мінгізді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов Жаңа жыл қарсаңында су жаңа Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін сатып алғанын әлеуметтік желіде бөліскен еді. Боксшы автосалонда түсірілген видеоны жариялап, жазба қалдырған болатын.

«Құттықтауларыңызға рахмет! Көрімдік күтемін», – деп жазған еді ол.

Данияр Елеусінов – Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының тумасы. Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, бүгінде кәсіби рингте өнер көрсетіп жүр. Ол 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетсе, соның жетеуін нокаутпен аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары