$ 508.91  594.36  6.33

София Актаева семсерлесуден Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

София финалда ресейлік спортшыға есе жіберді. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық семсерлесуші София Актаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы рапирадан Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

София турнирді іріктеу кезеңінен сенімді бастап, барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орынға шықты.

Плей-офф кезеңінде қазақстандық спортшы жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Алдымен ол 1/16 финалда Гонконг өкілі Wong Shun Yat-ты 15:9 есебімен жеңді. Одан кейін 1/8 финалда Словакия спортшысы Rebeka Liliana Forgach-ты 15:13 есебімен ұтты.

Ширек финалда София Қытай құрамасының өкілі Zhu Liting-ті шешуші бір ұпай айырмасымен — 15:14 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалда қазақстандық спортшы тағы бір қытайлық семсерлесуші Hu Beini-ден 15:8 есебімен басым түсті.

Финалдық жекпе-жекте София Ресей спортшысына 11:15 есебімен жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Осылайша, ол 2026 жылғы маусымды жоғары нәтижемен бастап, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары