$ 508.91  594.36  6.33

«Ауыр жарақат алған»: Дамир Исмағұловтың мүгедектер арбасында отырған видеосы тарады (ВИДЕО)

Дәрігерлер спортшының тізе аймағындағы айқас байламы үзілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Аралас жекпе-жек шебері, Дамир Исмағұлов Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінде ауыр жарақат алып, операциядан кейін арбаға отырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде спортшының әуежайда арбада отырып тексеруден өтіп жатқан видеосы тарады. Бейнежазбада Исмағұлов тек бір ғана эмодзи қалдырған.

Айта кетейік, 18 желтоқсанға қараған түні өткен жарыста этникалық қазақ, Ресей атынан өнер көрсететін Дамир Исмағұлов пен бразилиялық файтер Глейсон Тибаумен татамиде жолықты. Қос спортшы да бұған дейін UFC лигасында өнер көрсеткен.

Жекпе-жек жауынгерлік джиу-джитсу ережесімен өтті. Алғашқы партерге ауысу кезінде Тибау қарсыласын көтеріп, құлатпақ болған сәтте Исмағұловтың бір аяғы татамиде қалып қойып, оң тізесі қатты қайырылды. Осыдан кейін Дамир берілгенін білдіріп, татамиден өздігінен тұра алмады. Дәрігерлер оны зембілмен алып шықты, ал жекпе-жекте жеңіс Глейсон Тибаудың еншісіне жазылды.

Дәрігерлер спортшының тізе аймағындағы айқас байламы үзілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өткен аптада Исмағұлов операция жасатқанын айтып, алда ұзақ әрі күрделі оңалту кезеңі күтіп тұрғанын жеткізді.

Спорт дәрігерлерінің айтуынша, мұндай жарақаттан кейін кәсіби спортшылардың толық қалпына келуі 6 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін және оңалту арнайы мамандардың бақылауымен өтуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары