$ 518.4  598.13  6.55

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде ТОП-3-ке қайта оралды!

Қазақстандық файтерлердің әлемдік аренадағы қарқыны бәсеңдер емес!

ФОТО: Getty images
ФОТО: Getty images

UFC ұйымы 25 қарашада жартылай орта салмақтың жаңартылған рейтингін жариялады. Соның нәтижесінде жеңілмеген қазақстандық жыртқыш Шавкат Рахмонов өз орнын қайтарып, қайтадан үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа рейтингке сәйкес, дивизион шыңында – чемпион Ислам Махачев. Екінші орынға Катардағы турнирден кейін ирландиялық Иэн Гэрри көтерілген. Ал алғашқы үштікті қазақстандық "Номад" Шавкат Рахмонов түйіндеп тұр. Бұған дейін дәл осы позицияны Майкл Моралес иеленіп келген еді.

Айта кетейік, Рахмонов жарақатына байланысты 11 айдан бері октагонға шыққан жоқ. Соған қарамастан жанкүйерлер оның үлкен камбэгін асыға күтіп отыр.

Сонымен бірге, UFC-дің жаңартылған рейтингінде тағы бір отандасымыз – жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев бір саты жоғары көтеріліп, жетінші орынға жайғасты.

Қазақстандық файтерлердің әлемдік аренадағы қарқыны бәсеңдер емес!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары