Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы өткен ойында екі гол соғып, дубль авторы атанды.
Қазақстан мен “Елімай”клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұны футболшының ол өзі Instagram парақшасында жариялады.
Спортшы стористе “She said yes” деп жазып, қуанышты сәтпен бөлісті.
Фото:Спортшының парақшасынан
Әзірге футболшы болашақ жарының кім екенін жария еткен жоқ. Оның жеке өміріне қатысты қосымша ақпарат көрсетілмеген.
"Жүрегім ауырып жатыр", "Қимаймын", "Не істедің сен, Ғалымжан", "Жүрегімді жараладың ғой", деп футболшының фанаттары желіде түрлі пікір жазуда.
Еске сала кетейік, Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы өткен ойында екі гол соғып, дубль авторы атанды. Қазіргі уақытта футболшыға Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытуда.