$ 522.19  606.42  6.47

«Рақмет айтыңыздар»: Бельгияның бас бапкері Анарбековке ерекше баға берді (ВИДЕО)

Тартысқа толы ойында Темірлан Анарбеков сан мәрте қарсыластың қауіпті соққыларын тойтарып, кездесудің басты қаһарманына айналды.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тартысқа толы ойында Темірлан Анарбеков сан мәрте қарсыластың қауіпті соққыларын тойтарып, кездесудің басты қаһарманына айналды.

Ойыннан кейін Бельгия құрамасының бас бапкері қазақстандық қақпашының шеберлігіне ерекше тоқталды.

“Бірінші таймда жасанды алаңға үйрену бізге қиын болды. Дегенмен екінші таймда ойын тізгінін қайта өз қолымызға алдық. Кімнің көп шабуыл жасағанын көрген боларсыздар… Сіздердің қақпашыларыңыз тамаша ойнады. Қақпашыларыңызға рақмет айтыңыздар”, –  деді Бельгия құрамасының бапкері.

Айта кетейік, Қазақстан бұл ойында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы таймның 9-минутында Қазақстан сапынан Дастан Сәтпаев есеп ашты. Бұл – оның ұлттық құрамадағы алғашқы голы. Ал екінші таймда Бельгия құрамасынан Ханс Ванакен гол соғып, есепті теңестірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары