$ 522.19  606.42  6.47

Геннадий Головкин мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізбек

Бұл жайлы ол Азия әуесқой бокс федерациясының (Asia Boxing) президентінің міндетін атқарушы Пичай Чунхаваджирамен өткен кездесуде мәлімдеген.

Фото: 2019 Getty Images
Фото: 2019 Getty Images

Қазақстанның даңқты боксшысы 43 жастағы Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін өз елінде өткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы ол Азия әуесқой бокс федерациясының (Asia Boxing) президентінің міндетін атқарушы Пичай Чунхаваджирамен өткен кездесуде мәлімдеген.

"Мен боксты білемін. Бокс - менің өмірім. Мен әрқашан көп еңбек еттім. Иә, мен қазір 43 жастамын және әлі де бокспен айналысамын. Мүмкін тағы бір жекпе-жек өткізгім келеді. Мен оны Қазақстанда өткізгім келеді", - деді Головкин.

Головкин соңғы рет 2022 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан еді. Сол уақыттан бері ол рингке шыққан жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда Геннадий Головкин Халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынып отыр. Бұдан бөлек, ол World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметін атқарады. Осылайша, Головкин әлемдік бокс қауымдастығындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі саналады.

Геннадий Головкин – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2003 жылғы әлем чемпионы. Кәсіби рингте ол IBF (2015–2018, 2019–2023), IBO (2011–2018, 2019–2023) және WBA (2010–2018, 2022–2023) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар, қатарынан 23 қарсыласын нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы ең жоғары нокаут пайызы үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары