Жартылай финалдық кездесулер 28 қазанда өтеді.
Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс сайыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жалпы есепте 10 қазақстандық боксшы аталған доданың жартылай финалына шықты. Осылайша олар кем дегенде қола жүлдені иеленетін мүмкіндікке ие болды.
Рамина Маханова (54 келіге дейін), Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Нұрмахан Жұмағали (50 келіге дейін), Санжар Матасов (75 келіге дейін), Досжан Жұмахан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалында бақ сынайды.
Айта кетейік, жартылай финалдық кездесулер 28 қазанда өтеді.