$ 535.83  624.94  6.69

Бейбарыс Ерсейіт Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды - 155 келі.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті - 152 келі.

Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен жарыс жеңімпазы атанды. Ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия рекордын жаңартып, Азия ойындарының жаңа көрсеткішін тіркеді.

Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды - 155 келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары