$ 541.54  629.16  6.64

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропаның ең әлсіз командасынан жеңіліп қалды

Матч сырт алаңда өткен.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Андоррадан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Матч сырт алаңда өткен. Бірінші тайм қос құрама да есеп аша алмай, үзіліске 0:0 есебімен тарқасты. Ал, екінші таймда бұрыштан көтерілген допқа бірінші жеткен Марк Родригес Дулат Талыспаев күзеткен қақпадан саңлау тауып, жеңіс голын соқты.

Осылайша үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген Мамонов шәкірттері турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді. Дәл осынша ұпай жинаған андорралықтар соңғы алтыншы сатыда тұр.

Айта кету керек, футболдан Андорра құрамасы Еуропадағы ең әлсіз, яғни аутсайдер командалардың бірі. Топтық кезеңде олар 5 ойын өткізіп, соның төртеуінде жеңілген және тек бір матчта ғана жеңіске жетті.

Қараша айында Қазақстан жастары Словакиямен және Молдовамен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары