$ 540.06  628.25  6.61

Жәнібек Әлімханұлы тарихи жекпе-жектің келісімшартына қол қойды

Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтанов хабарлады.

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін өтетін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтанов хабарлады.

«Ассалаумағалейкум, құрметті “Qazaq Style” жанкүйерлері! Біз қазақ жанкүйерлері асыға күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Бұл кездесу орта салмақ дәрежесін дүр сілкіндіреді. Алла қаласа, алдағы күндері промоутерлік компания ресми түрде жариялайды. Бізді үлкен шоу күтіп тұр», — деді Сұлтанов.

Менеджердің айтуынша, Әлімханұлы командасы орта салмақтағы төрт негізгі белбеудің барлығын біріктіруді мақсат еткен.

«Біз жолдың жартысына жеттік. Егер бәрі сәтті болса, тарих жасаймыз. Еңбегіміздің нәтижесін көруге аз қалды», — деді ол.

Сұлтанов бұл қуанышты жаңалықты жанкүйерлерімен алдын ала бөлісуді жөн көргенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары