$ 540.06  628.25  6.61

«Үш раундта жеңемін»: Геннадий Головкинге жаңа қарсылас табылды

Тирнидің бұл мәлімдемесі жуырда өткен BKFC 81 турнирімен байланысты болуы мүмкін.

Фото: Dustin Satloff/Getty Images
Фото: Dustin Satloff/Getty Images

Британдық жалаң жұдырық лигасының (Bare Knuckle FC, BKFC) чемпионы Коннор Тирни қазақстандық әйгілі боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қолғаптағы әлем чемпиондарын көріп отырып, мен нағыз GGG-мен жекпе-жек өткізгім келді. Айқастырса, үш раундта-ақ жеңемін деп ойлаймын», – деп жазды ол Instagram парақшасында Геннадий Головкиннің аккаунтын белгілей отырып.

Сарапшылардың пікірінше, Тирнидің бұл мәлімдемесі жуырда өткен BKFC 81 турнирімен байланысты болуы мүмкін. Аталған кештің басты айқасында бұрынғы әлем чемпионы Джеймс Дигейл австралиялық Мэтти Флойдты төрешілер шешімімен жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 7
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары