$ 540.06  628.25  6.61

«Тобығын созып алған»: Алматыдағы матчтан кейін Мбаппенің денсаулығы сыр берді

Сондай-ақ, «Реал» сапынан Эдуарду Камавинга мен Браим Диас та бір-бір голдан соқты.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының «Қайратқа» қарсы ойынында (5:0) жарақат алған. Бұл туралы испаниялық журналист Альберто Перейро Onda Cero радиосына берген хабарында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Перейроның мәліметінше, Мбаппе екінші таймда тобығын созып алған. Соған қарамастан, ол ойынды соңына дейін жалғастырып, кейінгі турда «Вильярреалға» қарсы матчқа да шыққан. Алайда гол соққаннан кейін француз шабуылшысы қайтадан ауырсыну сезінген.

Соңғы күндері Килиан Франция құрамасының жаттығуларына толық қатыспай, тек аз бөлігіне қосылып, кейін жеке залда қалпына келтіру жаттығуларын жасаған.

Айта кетейік, Алматыда өткен ойында Мбаппе хет-трик авторы атанған болатын. Сондай-ақ, «Реал» сапынан Эдуарду Камавинга мен Браим Диас та бір-бір голдан соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары