$ 544.26  634.72  6.52

«Қазақстанда футбол бар екенін әлемге дәлелдейміз» – Шерхан Қалмырза

Қайраттың 18 жасар қақпашысы жеңіске үмітті.

Фото: "Қайрат" футбол клубы
Фото: "Қайрат" футбол клубы

Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы өтетін матч алдындағы ойын мақсатын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл ойын біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз тек клуб атынан ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін алаңға шығамыз. Қазір ТМД елдерінің де жанкүйерлері бізді қолдайтынына сенемін. Қарсыласымыз мықты команда болса да, өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Әлемге Қазақстанда талантты футболшылар бар екенін көрсетуіміз қажет», – деді Қалмырза Qsport арнасына берген сұхбатында.

Небәрі 18 жастағы қақпашы негізгі ойыншы мәртебесіне Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған соң ие болды.

Бұған дейін оның анасы Сәуле Рабаева да эксклюзив сұхбат берген еді. Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары