$ 544.26  634.72  6.52

«Тарихи сәт болайын деп жатыр»: Боксшы Жанқош Тұраров үндеу жасады (ВИДЕО)

Оның видеосын Алматы қаласының Полиция департаменті желідегі парақшасында жариялады.

Фото: instagram.com/zhankoshturarov
Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчта жұртты тыныштыққа шақырып, үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның видеосын Алматы қаласының Полиция департаменті желідегі парақшасында жариялады.

«Елімізде тарихи сәт болайын деп жатыр. «Қайратқа» тек жеңіс тілеймін. Қонақжайлығымызды көрсетіп, «Реалды» керемет күтіп алайық. Әсем қала Алматымызда мәдениетімізді көрсетейік. Полиция қызметкерлерінің де жұмысын жоққа шығармай, керемет деңгейде күтіп алайық», – дейді Жанқош Тұраров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары