Футболшы ресейлік маманның кәсіби біліктілігін және темірдей тәртібін ерекше атап өтті.
Қазақстан құрамасы мен мәскеулік «Динамо» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов туралы пікір бтуралы пікір блдірді. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Футболшы ресейлік маманның кәсіби біліктілігін және темірдей тәртібін ерекше атап өтті.
«Станислав Саламович – өте тәжірибелі, кәсіби деңгейі жоғары бапкер. Оның басты ерекшелігі – тәртіпті қатаң ұстанатыны. Мұндай талапшылдық маған ұнайды. Ол – нағыз ер азамат, сөзі мен ісі қабысып жатқан адам. Ресей құрамасымен жеткен жетістіктері де аз емес. Сол себепті оны ұлы тұлға деп санаймын. Онымен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Әрине, бірге өткізген уақытымыз қысқа болды, бірақ сол аз ғана кезеңнің өзінен көп дүние үйрендім», – деді Зайнутдинов.