$ 543.24  619.89  6.78

Ел құрамасы Азия чемпионатында жеңілістің ащы дәмін татты

Бангкоктағы бұл жарыс – жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшыларға арналған Азия чемпионаты тарихта алғаш рет ұйымдастырылуда.

Фото: KBF media
Фото: KBF media

Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Әділ Асқанбай жарысты сәтсіз бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде U19 санатында бақ сынаған Асқанбай алғашқы кездесуінде оңтүстіккореялық Чой Джунвонмен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс қарсыласқа берілді.

Осылайша, бұл турнирде Қазақстан командасы алғаш рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Бангкоктағы бұл жарыс – жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшыларға арналған Азия чемпионаты тарихта алғаш рет ұйымдастырылуда. Байрақты бәсеке World Boxing ұйымының бастамасымен өткізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары