$ 512.32  582.92  6.29

Назым Қызайбай Олимпиада медалі үшін берілуі тиіс сыйақы мен пәтерін әлі алмаған

2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола медаль жүлдегері болған Назым Қызайбайға Қазақстан заңнамасына сәйкес 75 мың доллар (39,2 миллион теңге) көлемінде сыйақы берілуі тиіс.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы, үш мәрте әлем чемпионы Назым Қызайбай әлі күнге дейін пәтердің кілтін де, Олимпиада медалі үшін ақшалай сыйақысын да алмаған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола медаль жүлдегері болған Назым Қызайбайға Қазақстан заңнамасына сәйкес 75 мың доллар (39,2 миллион теңге) көлемінде сыйақы берілуі тиіс.

Алайда, Назым тілшілерге берген сұхбатында мемлекет тарапынан сыйақысын әлі алмағанын айтты. Сондай-ақ, ол Алматы қаласы әкімшілігі уәде еткен пәтердің де кілтін алмаған.

"Олимпиада ойындарындағы қола медаль үшін мемлекетіміздің берген сыйақысы, яғни 75 мың доллар әлі жіберілмеді, ешқандай спортшыға да берілмеген шығар деп ойлаймын. Өйткені мен ешкімнің алғанын естімедім. Пәтерге қатысты айтқанда, Олимпиададан кейін спортшыларға көлік, пәтер сертификаты және Алматы қаласы тарапынан ақшалай сыйақы берілген болатын. Көлік пен ақшалай сыйақыларды бірден берді, бірақ пәтерді шамамен бір жарым-екі айдан соң беретіндерін айтты. Қазір алты айдай уақыт өтіп кетті, жақында басқармадан хабарласып, барлық спортшылар қалада болған кезде оларды жинап, кілтті табыстайтындарын айтты. Қазір барлығымыз соны асыға күтіп отырмыз", - деп қорытындылады Назым Қызайбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары