$ 512.34  582.07  6.31

Дзюдошы Кәмила Берліқаш ана атанды

Дзюдошы былтыр Париж Олимпиадасынан кейін Ташкентте қола жүлдегер атанған.

Фото: жеке парақшасынан алынды
Фото: жеке парақшасынан алынды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, Париж Олимпиадасына қатысушы Кәмила Берліқаш ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аса ауыр салмақта белдесетін отандық балуан бүгін қызды болғанын мәлімдеді.

«Құттықтауларды қабылдаймын. Бүгін қызды болдық», - деп жазды дзюдошы желіде.

Бірнеше жылдан бері құрама сапында халықаралық жарыстарға қатысып, Гранд Слэм бәсекесінде күміс және қола жүлде иеленген отандасымыз бірнеше жыл бұрын дзюдошы Ислам Тоқтасынға тұрмысқа шыққан еді. -73 келіде күресіп жүрген Ислам Тоқтасын өткен жылы ел чемпионатында қола жүлде иеленген.

+78 келіде күресетін Кәмила Берліқаш былтыр Париж Олимпиадасынан кейін Ташкентте өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дзюдошы