Депутат бұл келісім қазақстандық экспорттаушыларға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Қазақстан кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы Пәкістанға экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құрылтай депутаты Бурихан Нұрмұхамедов Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімнің артықшылықтарын түсіндірді.
Оның айтуынша, келісім жүктерді кедендік рәсімдеуді жеделдетуге, контрабандамен және тауар құнын төмендетіп көрсетумен күресуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тауарларды шекарадан өткізуге кететін шығындарды азайтады.
Депутат бұл келісім қазақстандық экспорттаушыларға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. 2025 жылы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 105 миллион долларды құрады. Оның 56 миллион доллары Қазақстанның экспортына тиесілі.
Депутаттың пікірінше, келісімнің жүзеге асуы екі ел арасындағы сауда көлемін арттырып, қазақстандық тауарлардың Пәкістан нарығына шығуын жеңілдетеді.