$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

«Шайтан сияқты»: істі болған Сабыржан асаба тойда қайта көрініп, жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде басы дауға қалған асаба Сабыржан Түзелбаевтың той басқарып жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған кадрлардан Сабыржан асаба мен Наркенже Серікбаеваның ән салып жүргенін байқауға болады.

«Мына албасты қайта шыққан ба», «Ініміздің апасымен жарқ етіп шыққанына қуанып отырмын», «Бұл сотталмай ма, жастарды бүлдіретін болды ғой», «Шығыпты ғой, енді тек халал той өткізе ме екен», «Бұл істі болған еді ғой, қашанғы той», деп көпшілік жарыса пікір қалдырды. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталғаны туралы ақпар тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0