$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

Астанада автокөлік бағанға соғылып, аударылып қалды

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

25 қарашада Астанадағы Сығанақ көшесінде екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Тәуелсіздік даңғылы бағытында келе жатқан. Қозғалыс бағыты бойынша көріну мүмкіндігін ескермеген жүргізуші алдында келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.

«Соққының салдарынан Toyota Camry инерциямен қозғалып, көше жарықтандыру бағанына соғылған. Кейін аударылып кеткен», – деп хабарлады ведомство.

Toyota Camry көлігінде болған жолаушы әйел медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0