Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылындағы «Қазпошта» бөлімшесінің жағдайын компанияның өз қызметкері сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, аядай бөлменің іші шаң-тозаң, сәлемдемелер еденде шашылып жатыр, ал тұрғындар өздеріне келген сәлемдемелерді өздері іздеуге мәжбүр. Он айлық қызын көтеріп, үш сәлемдемесін алуға барған әйел де қораптардың арасынан өз заттарын өзі іздегенін айтады. Бөлімшеде бір ғана компьютер жұмыс істеп тұрғандықтан, қызметкер тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін дәптерге жазып алған. 2010 жылдан бері пошта саласында еңбек етіп келе жатқан әйел компания басшылығынан қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, сәлемдемелерді сақтау мен сұрыптау тәртібін реттеуді сұрады. Елде цифрландыруға басымдық беріліп жатқанда, Алматы облысының әкімдігі мен «Қазпошта» басшылығы ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мәселесіне неге тиісті көңіл бөлмейді?