$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Ақмола облысында монша өртеніп, 2 адам күйіп қалды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 60 шаршы метр аумаққа таралған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысының Щучинск қаласында монша өртеніп, екі ер адам күйік жарақатын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 60 шаршы метр аумаққа таралған. Құтқарушылар жеткенге дейін ғимарат ішіндегі екі адам сыртқа өздігінен шығып үлгерген.

66 және 39 жастағы ер адамдар түрлі дәрежедегі күйік алып, медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Құтқарушылар өрттің шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0