Желіде тараған ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта Алматы әуежайында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады департаменттен.