Осындай жағдайда әкімдік неге үнсіз отыр және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шара қабылдады?
Алматыдағы «Alatay City» тұрғын үй кешенінде терезе үстіндегі қабырға бөлігі опырылып, тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төнген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Баспана иелерінің айтуынша, мәселені шешу үшін ПИК қызметкерлерін бірнеше рет шақырғанымен, он рет хабарласқаннан нәтиже болмаған.
Тұрғындар жауапты мекеме өкілдері құр уәде беріп, нақты шара қолданбай отырғанын айтады.
Адамдардың айтуынша, қабырға одан әрі құласа, тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Осындай жағдайда әкімдік неге үнсіз отыр және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шара қабылдады?
Қала билігі мен жауапты мекемелер мәселені созбай, ғимараттың жағдайын тексеріп, апатты тұсқа қатысты нақты шешім қабылдауы керек.
Threads: @deeeerr__