$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Өскеменде №33 автобустың жолы жүргізушілердің зәресін алды: шұңқырдан көлік бұзылып жатыр

Тұрғындар жолды жөндеуді талап етіп, мәселе шешілмесе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертуде.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Өскемен қаласында №33 автобус қатынайтын жолдың жағдайы тұрғындар мен жүргізушілердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолдың шұрық-тесік болуына байланысты автобустар ойдым-ойдым шұңқырлардан өтуге мәжбүр, ал жүргізушілер көліктің астыңғы бөлшектері зақымданып жатқанын айтуда. Салдарынан қоғамдық көліктер істен шығып, жолаушылар да қиындыққа тап болған.

Тұрғындар жолды жөндеуді талап етіп, мәселе шешілмесе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертуде.

Енді жұртшылық облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Алмат Ақышовтан осы мәселеге қатысты нақты шара күтеді.

Видео: @gde_novosti_uka

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0