Полиция департаменті хабарлағандай, ол дереу ұсталды.
Алматыдағы "Райымбек батыр" бекетінде әйел адам метрополитен қызметкерлеріне жарылғыш құрылғы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Полиция департаменті хабарлағандай, ол дереу ұсталды.
"Тиісті мамандарды тарта отырып, станцияға комиссиялық тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша жарылғыш құрылғылар мен күмән тудыратын заттар табылған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұр. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді полицияның баспасөз қызметінде.
Ведомство өкілдері метрополитен қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын, ал жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында екенін айтты.