$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Жапония жағалауында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.

Фото: Казинформ
Фото: Казинформ

Тынық мұхитында, Жапонияның Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында Огасавара аралдарының батысында жер сілкінген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28 градусы мен шығыс бойлықтың 139,9 градусы аралығында орналасқан.

Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.

Мамандардың хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туындаған жоқ.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0