$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

«Аяз, тұман, көктайғақ»: Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Петропавлда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2026 жылғы 26 қазанда Алматыда, Шымкентте және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 26 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 26 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Түнде облыста 2-7 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 26 қазанда түнде 2-4 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі болады. Қонаевта 26 қазанда түнде 2-4 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1-3 градус суық болып, үсік түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 26 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 26 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус суық болып, үсік түседі деп күтіледі. Күндіз жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыста 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 26 қазанда түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыста 2-7, облыстың орталығында 11 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 26 қазанда түнде 9-11 градус суық болады, үсік түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады, аталған өңір бөліктерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 26 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с қамтиды. Түнде 1-3 градус суық болып, үсік түседі деп күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысындаел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсетіні де болжанады. Петропавлда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түсетіні де болжанады. Павлодарда 26 қазанда тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 26 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0