Алиш есімімен танымал коуч, блогер Алишер Ертай садақа беруді сұрайтын имамдарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Құрметті имамдар!
Қазақ халықанын ақша жинауды қойыңыздар! Қазақ халқы сіздерді асырауға міндетті емес. Садақа бермесең, барар жерің тозақ деп қорқытып, бір ғана балмұздақтың құны ғой садақа деген деп, адамның өз ақшасын жұмсауына кінә сезімін орнатуды доғарыңыздар! Халық сізге ештеңеге де міндетті емес. Сіздерді жалпы тексеру керек, ол ақша қайда кетіп жатыр?»
Қазақ хақы өте момын болып, қолындағын аямайды, тіпті декреттегі әйелдер соңғы 50 теңгесін де салып жатыр. Қаншалықты ол ақша толықтай медресе не мешітке кетіп жатқаны жайлы бірде бір есеп жоқ.
Сіздерге сұрақ, құрметті имамдар, астыларыңыздағы қымбат джип, қымбат киімдер, тоқтамай умраға бара беру, зәулім үйлерге сіздерге қайдан келіп жатыр», — деді коуч.
Сондай-ақ, коуч дінді адамдар дұрыс емес көрсетуде екенін жазды.
«Мен Ислам дініне қарсы емеспін. Ислам діні өте көркем, әдемі, мейірімді дін. Бірақ, адамдар оны өте дұрыс емес көрсетуде. Сіздерге қарап, Ислам осындай екен ғой деген тұжырым жасайды адамдар. Үлгі бол, үлгі бола алмасаң, үніңді шығарма», — деп қорытындылады коуч.