$ 446.56  512.34  5.3

Бетоны опырылып, темірі ғана қалған: Петропавлдағы жаяу жүргіншілер көпірі жұртты шошытты

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Петропавлда жаяу жүргіншілер өтетін көпірдің мүшкіл халі тұрғындарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан көпірдің кей тұсында бетон опырылып, темір арматуралары ашық қалғанын көруге болады. Қала әкімдігі нысанның апатты жағдайда екенін растаған, алайда көпір Оңтүстік Орал теміржолының балансында екенін мәлімдеді. Әкімдік өкілдері күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шаралар қабылданатынын жеткізген. Солтүстік Қазақстан облысындағы теміржол инфрақұрылымының бір бөлігі Оңтүстік Орал теміржолына қарайтыны ресми деректе де көрсетілген. Тұрғындар болса, күн сайын адам өтетін нысанның қашан толық жөнделетініне нақты жауап күтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0