$ 477.17  543.26  6.01

Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Теміртаудағы 7-ықшамаудан, 11-үйдің ауласында тышқандар қаптап, тұрғындардың күнделікті берекесін қашырып бітті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кеміргіштер қоқыс жәшігін төңіректеп қана қоймай, көпқабатты үйлердің жертөлесіне ұя салып, ауладағы су жаңа көліктердің электр сымдарын кеміріп жарамсыз етуде. Жергілікті жұрт әкімдікке шағымданып, депутаттық сауал жолдағанымен, түйінді мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Заң бойынша, қоқыс алаңынан 5 метрге дейінгі аумақты дератизациялауға, яғни зиянкестерді жоюға бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Алайда халықтың салығынан төленген бұл ақшаның қайда кетіп жатқаны және мердігер мекеменің неге жауапсыз отырғаны белгісіз. Егер жауапты орындар бұл жағдайға шұғыл араласпаса, ауладағы антисанитарияның арты үлкен эпидемиялық қауіпке айналуы әбден мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0