$ 477.17  543.26  6.01

Қызылордада 600 миллионға соғылған жаңа үй нәжіске батты

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Қызылордада 60 отбасы қуанышпен көшіп кірген жаңа көпқабатты үйдің астын кәріз суы басып, тұрғындар қолқаны қабатын қолаңса иістен тұншығып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

600 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған баспананың жөнддеуі сыр беріп, подвалдағы насос күйіп кеткендіктен, нәжіс суы жан-жаққа жайылған. Шарасыз халық өз қаржысына алған пәтерлерінде отыра алмай, жауаптылардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Қалалық құрылыс бөлімінің маманы Сағитжан Күреңов болса, барлық жұмыстар жобалық-сметалық құжаттарға сай жасалғанын айтып, жауапкершіліктен бұлтаңдап отыр. Елу жылдық тәжірибеде халықты ақымақ қылып, бюджеттің миллиондарын желге ұшырған мұндай сорақылықты аз көргеніміз жоқ. Негізгі мәселе салғырт салынған құрылыста болып тұр, ал шенеуніктер насосты ауыстырғансып мәселені жылы жауып қойғысы келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0