$ 477.17  543.26  6.01

«Миллиондар қайда кетті?»: Қостанай кіреберісіндегі ойлы-шұңқыр халықтың ашуын туғызды

Ашынған тұрғындар жағдайды видеоға түсіріп, құзырлы органдардан ресми жауап талап етуде.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қостанайға кіреберіс тасжолда пайда болған терең шұңқыр жүргізушілердің қалтасын қағып, көліктеріне үлкен зақым келтіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол жиегінде ұшып түскен дөңгелек қалпақтарынан тұтас «коллекция» жиналып қалған. Жоғары жылдамдықпен келген көліктің дөңгелегін жарып, ауыр жол апатына соқтыруы мүмкін бұл қауіпті аймақ әлі күнге дейін қоршалмаған әрі жөндеу де көрмеген.

Ашынған тұрғындар жағдайды видеоға түсіріп, құзырлы органдардан ресми жауап талап етуде. Бөлінген миллиондаған қаржының қайда кеткенін сұраған жұрт әкімдік пен мердігерлердің салғырттығына ашулы. Тұрғындар жол апаты орын алмай тұрғанда шұғыл шара қолдануды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0