Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Борки шағын ауданының жұрты тағы да дабыл қағып, шенеуніктердің мазасын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оған себеп — құдық маңында пайда болып, күн санап үңірейіп бара жатқан қауіпті шұңқыр. Бұл ашық қалған апатты аймақ осы маңнан өтетін жаяу жүргіншілердің, бейкүнә балалар мен жүргізушілердің өміріне тікелей қауіп төндіріп тұр. Алайда, халықтың қауіпсіздігіне тікелей жауапты өңір әкімдігі мен құзырлы мекемелер бұл мәселеге бас ауыртып, қозғалар емес. Жауапты шенеуніктердің мұндай селқостығы мен әрекетсіздігі ертеңгі күні орны толмас қайғылы жағдайға соқтыруы әбден мүмкін. Бүгінде бұл өзекті мәселе ЖСДП партиялық бақылауына алынып, жауаптылардан шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу талап етілді.