$ 464.71  531.26  6.05

Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды — 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді — 335 (151+184) келі.

 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0