$ 464.71  531.26  6.05

Ресейде суши мен ролл жегеннен кейін 19 адам уланып қалды

Тергеу органдарының мәліметінше, зардап шеккендер 9 және 10 шілде күндері ауруханаға түскен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Мәскеу облысының Зарайск қаласында кафелердің біріне барғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді,  деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Тергеу органдарының мәліметінше, зардап шеккендер 9 және 10 шілде күндері ауруханаға түскен. Анықталғандай, олардың 16-сы бір қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккендердің арасында жеті кәмелетке толмаған бала бар.

Уланғандардың айтуынша, денсаулықтары нашарламас бұрын суши мен ролл жеген. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0