$ 488.59  564.37  6.79

АҚШ бірнеше елге жаңа санкция салды

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, аталған шаралар Иранның әскери әлеуетін күшейтуге ықпал ететін жеткізу тізбектерін бұзуға бағытталған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

АҚШ билігі мұндай шектеуді Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының қажеттілігі үшін тасымалданған деп болжанған тасымалды зениттік зымыран кешендеріне байланысты жасап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осылайша, АҚШ Қытай, Иран, Гонконг және Беларусьтегі бірқатар компания мен азаматтарға қарсы санкциялар енгізген. 

Вашингтонның мәліметінше, санкциялық тізімде Иранның 2 азаматы, Қытайдың 4 азаматы, Гонконгта тіркелген 3 компания және Қытайдағы 1 компания бар. 

Сонымен қатар, Иранның тағы 1 азаматына, сондай-ақ Беларусь пен Ирандағы 2 компанияға қатысты бұрыннан қолданыста болған шектеулер кеңейтілді.

АҚШ билігінің нұсқасына сай, тасымалды зениттік зымыран кешендері Қытайдан Иранға жеткізілген. Ал бұл мәміледе "Беларусь компанияларының бірі делдал ретінде пайдаланылған" деген болжам айтылып отыр.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, аталған шаралар Иранның әскери әлеуетін күшейтуге ықпал ететін жеткізу тізбектерін бұзуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0